Қозғалысы
Тазы қалай қозғалады
Қазақ тазысының желісі, іздеу кезіндегі шоқырағы және қуғандағы шабысы.
Еркін желіс
Іздеу және қуу
Стандартта іздеу кезіндегі тән жүріс түрі қысқа шоқырақ, ал қуу кезіндегі қозғалыс бар екпінімен шабу деп берілген. Тазының жұмыс қасиеттеріне тез шешім қабылдау, ептілік пен төзімділік жатады. Ит көру қабілетін де, иіс сезу қабілетін де пайдаланады, сондықтан оның жұмысын олжаны көзбен байқаумен ғана түсіндіруге болмайды.